Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

img 20220514 wa0058 Қоғам

Бүгін, 14 мамыр Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға мүмкіндігі шектеулі жандар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. 

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан баспанамен қамтамасыз ету, мүгедектікке байланысты жәрдемақы тағайындау, оңалту орталықтарына бару үшін өңірлерге емге берілетін квота бөлу, қоғамдық көліктерде еркін жүруге қолайлы жағдай жасау, қажетті дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен алуға мүмкіндік жасау сияқты мәселелер көтерілді. Жиналғандар мүгедек жандар үшін кедергісіз орта құруды сұрады.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау», деп атап көрсетті. Еліміздегі әлеуметтік саясаттағы басымдылықты бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін заң аясында шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту. Оларға қолайлы орта қалыптастыру, деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде мүгедектігі бар жандардың экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасау шаралары да айтылды.

img 20220514 wa0057
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз