Жарнама
Қоғам

Шұғыл: АТЫРАУДА БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

Баспана арман болған тұрғындар үшін жағымдық жаңалық бар: мұнайлы өлкеде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды. «Отбасы банкінен» төлем қабілетін растаған жандар (көп балалы, мүгедек балаларды асыраушы, толық емес отбасылар) 1 млн 500 мың теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады. Құжаттарды қабылдау жұмыс уақытына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау қаласындағы бөлімдері арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қажетті құжаттар:
🔹1) нысан бойынша өтініш;
🔹2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
🔹3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына);
🔹4) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда (мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасыларды) қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
🔹5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты.

📍Құжаттарды қабылдау жұмыс уақытына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау қаласындағы бөлімдері (ЦОН) арқылы жүргізіледі.
📞Қосымша сұрақтар және анықтамалар үшін: 8 (7122) 25-44-62, 25-43-55

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button