Жарнама
Қоғам

ШАРУА ҚОЛДАУҒА ДА, КӨМЕККЕ ДЕ ЗӘРУ

Аталған мәселе жөнінде брифинг барысында Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының өкілі Владислав Косарев тарқатып айтты. Ол өз сөзінде мемлекеттік шенеунік, ол мейлі министр, премьер немесе жергілікті билік өкілі болсын, олар халық үшін еңбек ететіндерін ешқашан ұмытпауы керектігін баса айтты. Оның айтуынша, біздің елде олардың көбісі осыған аса мән бере бермейді.
Ең аяғы отандық өндіріске қажетті киім-кешектің өзі бізге шетелдерден әкелініп жатыр. «Бұл – біздің елдегі жеңіл өнеркәсіптің тоқтаудың алдында тұрғандығының белгісі. Облыстарда жұмыссыздар саны да артып отыр» деген ол одан әрі ауыл шаруашылығы саласы өндірісінде кездесетін үлкен проблемаларға тоқталды. «Ет-сүт өндірісін көтеру үшін мемлекет тарапынан ауылдағы шаруаларға көмек көрсету керек деп есептейміз. Халық жергілікті, әрі сапалы, әрі таза, әрі арзан өнімді тұтынуы қажет. Осы аталған мәселелерді фракцияда, басқа партиялардың қатысуымен өткізілген отырыстарда да көтеріп жүрміз», — деген В. Косарев «Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл бағыттағы жұмыстары енді ғана жүруде» деген пікірін айтты.
Одан әрі сөз алған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков Мемлекет басшысы алға қойған сын-ескертпелерді орындауда әр мекеменің, басқарма басшыларының бұл жұмысқа жұмыла кірісуі керектігін жеткізді. «Мемлекет қаржысын талан-таражға салмай, әр іске мұқияттылықпен жұмсай білу керек. Облыстарда әлі де азып-тозып жатқан ауылдар бар, игерілмей қалған қаржыны осындай істерге жұмсаса игі» деген ойымен де бөлісті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button