Қоғам
Шалшықтағы шабақтар – Қиғашқа
ҚҰРМАНҒАЗЫ.
Өңірдегі өзен-көлдер балық қорын молайтуға қолайлы. Көктемгі өр суы кезінде уылдырық шашу үшін тасыған сумен жайылымдарға шығатын шабақтар бөлініп қалған су тоғандарында қалып қояды. Енді, міне, жаз шыға оларды жаппай қырылудан сақтау үшін «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі аумағы 90 гектарды алатын жиырма шақты көлшіктен балық шабақтарын құтқару жұмыстарын бастады. Құрамында 20 адамы бар бригада күн ұзағына көлшіктерді арнайы ау құралдарымен сүзіп, миллиондаған балық өскіндерін Қиғаш өзеніне, оның арналарына жіберуде.