Жарнама
Қоғам

«ШАҢЫРАҚ» – ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖАҢАША ҮЛГІСІ

Қорытындысында  65 пайыз —  35 жастан асқан ата-аналар арасында Атырау туралы жақсы  ұғым  болса, жастар жағының қала өңірі жайлы білімдерінің төмендігі бізді қынжылтты. Ал,  ата-аналардың 73 пайызы бұл бағдарламаның жүргізілуіне қолдау көрсететіндерін айтты. «Отан отбасынан басталады» дегендей, отбасының үлкендерінің өткен тарихтан хабары болмаса, онда ұрпақтарында қандай сапа болмақ?

2012 жылдан бастап гимназия «Шаңырақ» бағдарламасының сараптамалық алаңы болып табылады. «Шаңырақ» бағдарламасының  сараптамалық  жұмысының қорытындысы» тақырыбындағы   өткен  қалалық семинарда балаға тәрбие берудің жаңаша үлгісі талқыланып, оған өңіріміздегі білім бөлімі басшылары қатысты.    Қатысушылар гимназия  ғимаратындағы  «Өлкетану» мұражайымен  танысты.  Онда  Атырау  өңірінің байлығы мен  өсімдік, жануарлары, Атырау туралы кітаптар, атақты адамдардың фотоальбомдары мен  суреттері бар.

 Семинарда қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұрлы Қабдешова, облыстық білім беру басқармасының әдіскері Зухра Кереева бағдарламаның тиімділігі жайлы ойларын айтып, алдағы уақытта  облыс көлемінде сабақтарды озық тәжірибе ретінде  пайдалануды ұсынды.

 Шынар Садырова,
№1 гимназияның әдіскері. 
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button