СЕНАТОР ҒҰМАР ДҮЙСЕМБАЕВ «АТЫРАУ-АҚПАРАТ» МЕДИАХОЛДИНГІНЕ АРНАЙЫ КЕЛДІ

whatsapp image 2022 02 22 at 15.14.13 Қоғам

Атырау облысында іссапармен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз клубында журналистермен кездесті. Басқосуда өңірдегі күрделі мәселелер ортаға салынды. Оның ішінде Атыраудағы фармацевтика зауыты құрылысының тұрып қалуы, экологиялық проблемалар, облысқа түскен бюджет түсімінің орталыққа көп алынуы, басқа да тақырыптар қозғалды.

Ғұмар Дүйсембаев «Атырау-Астрахань» тасжолы құрылысының бәсеңдеуі өзекті тақырып екеніне тоқталды.

– Қосымша қаражаттың талап етілуінен негізгі материалдардың сырттан тасымалдануы, олардың жергілікті жерде өндірілмейтіні, материал бағасының қымбаттауы да жол құрылысының кешеуілдеуіне себепші. Бұл мәселе жан-жақты қаралып жатыр, – деді сенатор.

Сондай-ақ Ғұмар Исламұлы журналистер қойған түрлі сауалдар мен көтерілген мәселелерді жауапсыз қалдырмауға уәде берді.

(Толығырақ газетіміздің келесі санында)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз