СЕН ҚҰРМЕТТЕ ОНЫ…

Осындай тақырыпта Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-нің тарих-филология факультеті  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кеш өтті.

Кешке Ұлы Отан соғысының ардагері Раушан Досқалиев пен тыл және еңбек ардагері Рахметолла Ізтелеуов қатынасып, зұлмат жылдар жаңғырығы жайлы сыр шертті.

Соғыс жылдары жайлы көрсетілген бейнефильм отты жылдардағы күндерді  еріксіз көз алдына әкелді. Ардагерлердің жалынды жылдардан келтірген естеліктері студенттер тарапынан қызығушылық туғызды.Кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұлан ИМАНҒАЛИЕВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттің студенті.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз