Жарнама
Қоғам

СӘУЛЕЛІ ҒҰМЫР

 

Ауданға қарасты Қаракөл ауылында 1913 жылы  дүниеге келген әкеміз Әйтіш 1934 жылы бұрынғы Гурьев қаласындағы Құрамысов атындағы мұнай рабфагына оқуға түсіп, оны 1936 жылы аяқтайды. 1939 жылы КПСС қатарына өтіп, 1940 жылы ақпан айында әскер қатарына шақырылады. Армян ССР-інде әскери борышын өтейді. Сол уақыттан бастап дивизия бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін атқарады.

Әкеміздің айтуынша, Ұлы Отан соғысы басталғанда ол дивизиядан Киев бағытындағы соғыс даласына жіберіледі. Бұл 1941 жылдың 15 тамызы еді. Сол күннен бастап алғы шепте жауға қарсы ерлікпен соғысады. 1942 жылы бір топ жауынгерге жау тылынан құпия «тіл» алып келу жөнінде тапсырма беріледі. Жауынгерлер тапсырманы орындап, жаудың бір офицерін алып келе жатқанда оларды неміс ұшақтары үсті-үстіне бомбалайды.  Сол күні әкеміз жараланып, ауыр контузия алады. Жанындағы жауынгерлер оны арқалап, дивизияға жеткізеді. Госпитальдан емделіп шыққан соң майдан даласына кері аттанады.

Житомир, Ровно, Прускуров, Винница, Каменец-Продольвель, Тариполь, Черновицы, Станислав, Дрогобыч, Львов қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Бірнеше рет жарақат алса да, соғыстың бел ортасында жүруге жүрексінбеген ол аға сержант, кейін бөлімше командирі болады.

Дрезден, Прага қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Бұл шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін «Даңқ», «Қызыл жұлдыз», Бірінші және екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарына, Бас қолбасшы Сталиннің бірнеше Алғыс хаттары мен грамоталарына ие болған.

Соғыстан кейінгі жылдары да әкем еңбек майданына белсене араласады. Қаракөл орта мектебінде ұстаздықтан бастап, әр жылдары директорлық қызметтерде еңбек етеді. Бұл жолдағы еңбегі үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» атағы беріледі.

Әкеміздің өнегелі тәрбиесінің әсері болуы керек, ұл-қыздары түгелге жуық мұғалімдік мамандықты таңдады.

Ұлдай ӘЙТІШЕВА, Ш. Еркінов атындағы орта мектептің мұғалімі, Қызылқоға ауданы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button