Сарайшықтан кітап табылды
Қазақтың көне астаналарының бірі Хан ордалы Сарайшық шаһарын қалпына келтіру жұмыстары басталғанын бұған дейін хабарлаған едік. Қазіргі таңда жағажайды бекіту қызметі қарқынды жүргізілуде. Ұлы Жібек жолының негізгі қалаларының бірі болған, мәдениет пен қолөнердің талбесігіне айналған көне астананың орнынан әлі де жәдігерлер табылуда.
Жақында Сарайшыққа барған сапарымызда «Хан ордалы Сарайшық» мемориалды кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовтың қазба орнынан В.И.Сталин туралы жазылған қалың қызыл кітапты тапқанын білдік.
Молдаш атаның айтуынша, кітап киізге оралған күйінде топырақтың арасынан табылыпты. Бірде-бір беті сарғаймай, сол күйінде сақталыпты. Кітап 1949 жылы Мәскеу баспасынан шыққан.
«1953 жылдан кейін қарапа-йым халық сол кездегі саяси ахуалға, қуғын-сүргінге байланысты күдік тудырмас үшін көміп тастаған болуы керек. Болмаса, КСРО орталық компартиясының бас секретары, КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы И.В.Сталиннің балалық шағынан бастап баяндал-ған жазбаны жанашырлықпен жасырған болуы мүмкін» дейді ақсақал.
Молдаш ата қазба жұмыстары жүріп жатқан аймақты күніне бірнеше мәрте қадағалап, қарап отыр. Өйткені, сонау ғасырдағы құнды жәдігерлерлердің тағы да табылып қалатынына үмітті. Өйткені, көне шаһардың орны әлі де толықтай зерттеліп болған жоқ.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА