Жарнама
Қоғам

САРАЙШЫҚ СЫРЫ – ТЕРЕҢДЕ

Экскурсия барысында ең алдымен мұражай қорығының жанындағы жеті ханға тұрғызылған ескерткіш монументіне тағзым еттік. Мұражайдың кіреберісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сарайшыққа сапары кезіндегі суреті мен қолтаңбасы қойылыпты. Бізді мұражай қызметкері жәдігерлермен таныстырып, оның әрқайсысының құндылығы жөнінде тереңнен толғады. Мұражай ортасында ежелгі Сарайшық қаласының шағын ғана макеті орналасқан және әйел адамдардың әшекей бұйымдары, ескі монеталар, ежелгі моншаның қыш құбырлары да төрден орын алыпты. Мұндағы әрбір тарихи экспонат өзіндік бір сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырды.

Арайлым ҚАЛЫМЖАНОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің
І курс студенті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button