Сарайшыққа саяхат

1517832428 article b 1500 Қоғам

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында киелі орындарды насихаттау мақсатында «Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмі түсірілген болатын. Оның тұсаукесер рәсімі  Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтті.  

1517832428_article_b_1500_

Облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша дайындалған анимациялық фильмді Атырау қаласындағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары тамашалады. Олардың қатарында №6, 20, 30, Жамбыл атындағы орта мектеп бүлдіршіндері, «Шаңырақ» балалар ауылы мен Бесікті мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бар.

Оқиға желісінде Әмір, Қасым есімді балалардың Алтын Орда дәуіріндегі үшінші астана болған көне Сарайшыққа сапары баяндалады. Кейіпкерлер шаһарды аралап, құпия сырларына қанық болады. Алдарынан кезіккен шебер құмырашы, зергерлермен әңгімелесе жүріп біраз жаймен танысып, ежелгі кітапханаға да барады.

Балғындарға арналған әрқайсысы бес минуттық он бөлімнен тұратын туынды  алдағы уақытта басқа мектеп оқушыларына да  көрсетіледі. Сондай-ақ, жуырда жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасы арқылы  көрерменге жол тартпақ.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз