Жарнама
ҚоғамСарапTime

СарапTIME: Қарулы күштердің қуаты қандай?

БҰРЫН-СОҢДЫ КӨЗ КӨРІП, ҚҰЛАҚ ЕСТІМЕГЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ, ОСЫ ЗАМАННЫҢ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БҮГІНГІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ҚУАТЫН ЕСЕЛЕП, КЕЛБЕТІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРДІ. ЖАЛҒЫЗ МЫЛТЫҚПЕН ЖАУҒА ШАБАТЫН КЕЗ ЖОҚ ҚАЗІР. САУЫТТЫ ТЕХНИКА, САМСАҒАН ҚОЛДЫ ДА ЕКІ-ҮШ ТҮЙМЕСІ АРҚЫЛЫ БАСҚАРЫЛАТЫН ҰШҚЫШСЫЗ ҰШАҚТАР АЛМАСТЫРЫП ЖАТЫР. АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРДЕГІНІ ДӘЛ КӨЗДЕЙТІН ЗЫМЫРАН, ҚИМЫЛДАҒАНДЫ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕЙТІН ҚОРҒАНЫС КЕШЕНДЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУДЕ.

…ЖЕР-ЖАҺАНДАҒЫ ОСЫНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІНДЕ ӨМІРГЕ ЕНГІЗІЛІП ЖАТЫР МА? МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚУАТЫ САНАЛАТЫН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ? БІЗ ОСЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП КӨРДІК.

Азат елдің айбынды әскері

Сарапшылардың пікірінше, дүние жүзі елдері əскери салаға қыруар қаражат бөліп, қарулануды күшейте түсуде. Мəселен, АҚШ-тың қорғанысқа бөлген бюджеті биыл 700 млрд. доллардан асқан. Ресей мен Қытай да оның ізін басып келеді. Ал, Қазақстанның қорғаныс саласына бөлген қаржысы Ішкі жалпы өнімнің 3,5 пайызын құрайды. Қай мемлекеттің қандай мүмкіндігі барын саралап отырғандар республикамыздың əскери саладағы реформаларын ерекшелеп айтады. Өйткені, Қазақстан алғашқы кезден-ақ заманауи, кəсіби армия құруды мақсат еткен еді.

Қ о р ғ а н ы с м и н и с т р л і г і баспасөз қызметінің мəліметінше, қазір Қарулы Күштер мен өзге де күштік құры лымдардың жеке құрамы 110 мың шама сындағы сарбаздан құралған. Оның 75 пайызы келісім-шартпен қызмет етеді. Келісім-шарт бойынша қызмет ету əскерге кəсіби мамандардың келуіне жол ашады. Алайда, жаңа жүйені өмірге енгізуге көптеген мемлекеттің мүмкіндігі бола бермейді. Бұрынғы қалыптасқан дағдыны бұзғысы келмейтіндер қай жерде де бар. Ал, бейбітшілікті ту еткен, аймақтағы мықты қарулы күшті жасақтауға ұмтылған еліміз үлкен реформаға батыл кірісіп жатыр.

Б а й т а қ ж е р і м і з д і ң ерекшелігіне сəйкес, республика а у м а ғ ы н д а « О р т а л ы қ » , «Оңтүстік», «Батыс» пен «Шығыс» əскери округтері құрылған еді. Жаңа жоба өзінің өміршеңдігін байқатуда. Мысалы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау жəне Маңғыстау о б л ы с т а р ы н ы ң ə к і м ш і л і к шекараларында орналасқан. Ал, қолбасшылықтың штабы – Атырау қаласында. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына əуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен əскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегіндегі əскери бөлімдер кіреді.

Б ұ д а н б ұ р ы н а т а л ғ а н орталықтың жұмысы, əскерлердің қазіргі тұрмыс-тіршілігімен танысудың мүмкіндігі туған еді. Байқағанымыз, солдаттардың жүдеу тұрмысы қазір оңалған. Əр казарманың бұрыш-бұрышында бейнекамералар тұр. Тамақтың құнары артқан. «Баяғы шикі картоп, арзан макароннан құтылдық» дейді мұндағылар. Жексенбі күнгі сарбаздардың д е м а л ы с ы е р е к ш е л е п айтатын əңгіме. Олар Атырау қаласындағы «керемет!» деген моншаларында шомылады екен. Бұрын офицерлер көретін «рахат өмірдің» бірқатарына осылайша қарапайым жауынгерлер де жетуде.

Өзгенің тозығы емес, озығы қажет

Əскердің мықтылығы – оның қару-жарағында. Озық технологияның өмірге дендей енген тұсында біреудің тозығын емес, озығына қол жеткізу маңызды. Олай болса, Қазақстан қарудың жаңасын жəне оның жақсысын алуға белсене кірісіп отыр. Саяси жəне əскери сараптау институты директорының о р ы н б а с а р ы А л е к с а н д р Храмчихин мынадай деректерді келтіреді: қазір республика əскерінде бір мыңға жуық танкі бар. Екі мыңдай шынжыр табанды жəне дөңгелекті бронды техникасы қатарда. Өнімді шығарушыдан өзге, əзірге ешкім алып үлгермеген БМПТ[1]нің (танкіні қолдайтын əскери техника) бірнешеуін сатып алған. Зеңбіректер, артиллериялық құрылғыларды санамағанның өзінде, «Ураган», «Град» секілді сұмдық жойғыш қарулар сақадай-сай тұр.

Дүниенің төрт бұрышында болып жатқан қақтығыстар əуе күштері мен оған қарсы қаруы бар елдің қарсыласынан басым түсетінін айғақтады. Сондықтан, қорғанысқа жауаптылар осы жағдайға айрықша мəн беруде. Бүгінде елімізде əскери əуе мен əуе қорғанысы күштерінің құрамында он авиациялық жəне зенитті-зымырандық полк жасақталған. Мұндағы ұшақтар мен тікұшақтар, осы заманғы зымырандар кешені елдің тыныштығын күзетуде.

О р т а л ы қ А з и я н ы ң к ө ш б а с ш ы с ы қ а р у — ж а р а қ саудалауда негізгі қару-жарақ жеткізуші Ресейге ғана қарап, телміріп отырған жоқ. Еліміз басқа мемлекеттермен де қорғаныс саласы бойынша алыс-берісті көбейткен. Мəселен, ескірген «Ан-26» тасымалдау ұшағының орнына еуропалық «С-295» алынды. Бұл əуе кемесінің техникалық жағынан жарақтандырылуы бойынша а р т ы қ ш ы л ы ғ ы к ө п .

Ə л е м мойындаған «Байрактарды» жасап шығарған Түркиямен əскери байланыс нығайып келеді. Енді олардың «Anka» тектес дрондарын сатып алу мəселесі қарастырылып жатыр. Б а р л а у , о н ы ң і ш і н д е р а д и о л о к а ц и я л ы қ б а р л а у м і н д е т т е р і н о р ы н д а у , нысаналарға дəл соққы беру үшін «Wing Long-1» екпінді-барлау, «Орлан-10Е» барлау, «Skylark – 1Lex» тактикалық ұшқышсыз ұшатын аппараттары сатып алынған. Қорғаныс министрлігіндегілер əскерлерді ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жарақтандыру қажеттілікке сəйкес, жоспарлы түрде жүзеге асырылатынын айтады.

Мамандар «қарулы күштерді дамытуда тек бір елге қарайламау, ол үшін қаруды əртараптан сатып алу, өз аймағымызда өндіру өте маңызды» деседі. Ендеше, Қазақстан түріктің «Кобра» бронды автокөлігін, көптеген мақсатқа пайдаланатын еуропалық «ЕС-145» тікұшағын ш ы ғ а р у д ы қ о л ғ а а л ғ а н . Америкалық «Хаммер» мен ағылшынның «Лендровер» көліктері де жауынгерлеріміздің тақымында жүр.

Қауіп – қайдан?

Қазақта «жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Сарапшылар Украина мен Ресей, кеңестік кеңістіктегі өзге де республикалар арасындағы қанды қақтығыс, Ауғанстаннан АҚШ əскерінің шығарылуына б а й л а н ы с т ы т ə л і п т е р д і ң к ү ш е ю і н е б а й л а н ы с т ы аймақта жағдайдың ушығып бара жатқанын айтып отыр. Біртұтас елдердің шаңырағы о р т а с ы н а т ү с і п , а л п а у ы т елдердің көкпарына түскені де өмірдің ащы ақиқатына айналды. Сондықтан, сыртқы қауіп-қатерлерге байланысты қарулы күштерге мемлекеттің қ а у і п с і з д і г і н қ а м т а м а с ы з етуде үлкен міндет жүктелгені анық.

Мұның бəрі əскердің аса маңыздылығын байқатса керек. Отан қорғаушылар күні – əскерде жүргендердің ғана емес, бүкіл қазақстандықтың мерекесі. Талай ата-ағаларымыз елін қорғап, кеудесін оққа тосты. Бүгінгі кезеңде де ерлік көрсетіп, көпке үлгі болып жүргендері қаншама? Ендеше, мереке құтты болсын, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын деген тілек айтамыз.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button