Сарайшықты су шайып кетуі мүмкін…

screenshot 4 1 Қоғам

Былтыр облыста туризмді дамыту үшін мемлекеттен 60 миллион теңге бөлінген. Келесі жылы бұл сома ұлғаюы да мүмкін.

Басқарма басшысының айтуынша, Сарайшық кешені қазір әкімдіктің теңгерімінен алынып, Мәдениет және спорт министрлігіне берілген. Президент те аймаққа сапарында аталған кешеннің тұжырымдамасы мен даму жоспарын жасауды тапсырды. Бұл – кезек күттірмейтін мәселе. Себебі, археологиялық қазба орындарын жаңбырмен Жайықтың суы жуып жатыр. Соған қарағанда, ертең ұрпағымызға көрсетер ештеңе қалмауы да мүмкін.

Жергілікті туроператорлардың бірі Гүлжан Елешова да бұған қатты алаңдаушылық білдіреді. Ол – 2019 жылы жарық көрген «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедиялық кітаптың екінші томын орыс тілінде дайындаған автор.

– Ортағасырлық қаланың орнын ертең су шайып кету қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде Сарайшықтың 80 пайызы жоқ деуге болады. Сондықтан , оның үстін жабу мәселесін қолға алу керек. Мен төрт жылдан бері туризм саласында жұмыстанып келемін. Сондағы түйгенім, біздің өңірге бұл бағытта қаражат өте аз бөлінеді. Атырау десе, Исатаймен Махамбеттің аттары ауызға түседі емес пе? Ал, сол Махамбеттің мәңгілік мекені Қаройға апарар жолдың болмағаны өзекті өртейді. Ауыз толтырып айтар керемет кесене салынған екен, ендеше, соған жеткізер жол неге жоқ? – деп ашынады Гүлжан Мырзагерейқызы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз