Жарнама
Қоғам

САПТА ТҰР САРБАЗДАР

Өз кезегінде генерал-майор А.Халықов әскери антқа адал болу керектігін айтып, жас сарбаздарға құрметті де жауапты міндеттің маңызын түсіндірді. «Отанға қалтқысыз қызмет ету қашанда азаматтың асыл парызы болып қала бермек. Абыройлы міндетінен жалтарғандар жұртына еш жақсылық жасай алмайды. Керісінше, «елім» деп жұлқынған жүрегі бар, «жерім» деп бұлқынған білегі бар азамат қана ата-баба аманатын орындайды», — деді ол. 
«Әскери ант қабылдау рәсімі жүргізілсін!» деп бұйрық берілісімен сарбаздар ел тыныштығын қорғаймын деп серт беріп, жиын басшысы подполковник Т.Серікбаев барлығы 116 сарбаздың ант қабылдағандығын мәлімдеді. Осыдан соң Ұлы Отан соғысының ардагері Әлібек Түсібалиев, облыстық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылтек Исбусинов сарбаздарға сәт сапар тіледі. Ал, ата-аналар атынан Гауһар Ниязбекова аналық ақ тілегін жолдаса, қатардағы сарбаз Таймир Вексилов пен №41321 әскери бөлімінің былтырғы сарбазы Диас Ғазизов әскери өмірдің әсерлерімен бөлісті. Содан соң әскери оқу-жаттығу дайындықтары көрсетілді.
Майор Кенжеболат Смағұловтың айтуынша, ел алдында ант беру сол елдің амандығы үшін жан берумен бірдей. Балаларын алма-кезек құшып, суретке түсіп жатқан ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Өйткені олар жас сарбаздарға барлық жағдай жасалғандығын алға тартып, олардың аман-саулығына алаңдамауға болатынына көздері жеткенін айтады. Салтанат соңында алыстан ат арытып келген ата-аналар құрметіне концерттік кеш ұйымдастырылды.

Амандық АБДОЛОВ.
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button