Тоғызқұмалақтан турнир өтті

74585411 2544262419127467 2322025591286530048 o Жаңалықтар

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Батыс Қазақстан облысының  Бөрлі ауданында қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан ардагерлер мен жасөспірімдер арасында ашық турнир ұйымдастырылды.

Аталмыш ауданның спорт саласының дамуына зор үлес қосқан спорт ардагері Айтбай Тастайбековтің 60 жас мерейтойына орай өткізілген сайысқа Ресейдің Орынбор қаласынан  және еліміздің әр өңірінен барлығы  19 команда қатысты.

Бұл турнирде мұнайлы өңірдің намысын қорғай барған топтың ішінде осыған дейін ардагерлер арасында ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы болған Құрманбай Ашетов 40 жастан жоғары ардагерлер арасында кезекті рет жеңімпаз атанды. Ал, жерлесіміз Айару Орынғалиева жарыс қорытындысында «ең жас спортшы» номиинациясымен марапатталды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз