Жарнама
Қоғам

Санкциялар мен қиындықтан қаймықпас үшін жаңа жүйе қажет

Кәсіпкер ретінде мен қосылған құн салығының артқанын құптамаймын. Өйткені, бұл экономика мен бизнеске кері әсерін тигізуі мүмкін. ҚҚС-ның артуы тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне ықпал етіп, әлеуметтік осал топқа қиындық туғызары сөзсіз. Бүгін бұл маңызды мәселеге қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ қосымша құн салығының көбеюі шағын және орта бизнесті қосымша қиындықтарға ұшыратады. Президенттің айтуынша, салық жүйесі кәсіпкерлер үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс. Мұндай жағдайда бизнес иелері қиындықтар мен санкциялардан қорықпай, салықтарын төлей береді. Бұл кәсіпкерлерді емін-еркін қолма-қол ақшасыз жұмыс істеп, ашықтығын арттырары даусыз.

Салықтар қарапайым әрі түсінікті болған кезде бизнес пен мемлекет арасындағы сенім артады. Бюджетке салықтық түсімдер табиғи түрде көбеюінің нәтижесінде экономикалық белсенділік өседі. Сондықтан қосымша құн салығын арттырудың орнына Үкімет салық жүйесін реформалауға, бизнес үшін есептілікті жеңілдетуге және көлеңкелі экономиканы жоюға назар аударуы қажет. Барлық нарық қатысушысы үшін ашық әрі әділ жағдайлар жасалса, кәсіпкерлер де қысымсыз тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

Асқар САППАЕВ,

«Эталон ТЕРМОПЛАСТ» ЖШС директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button