Жарнама
Қоғам

САНДЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕВИЗИЯның артықшылығы қандай?

Әлем үнемі өзгеріп отырады. Өмірдің түрлі салаларына еніп жатқан заманауи технологиялардың қарқынды дамуы телевизия саласын да біржола жаулап алды. Қазақстанда аналогты телехабар таратудың цифрға көшуі 2018 жылы басталды және шынымен де кең ауқымға ие болды. Цифрлық хабар тарату дәуіріне бірнеше облыс қадам басып, халықты қамту деңгейі 92%-дан асты. Елде аналогты хабар тарату 2025 жылы тоқтатылады деп болжануда.

Бүгінде халықтың көп бөлігі теледидар көреді, бұл – ақпарат таратудың маңызды құралы және әрбір азаматтың конституциялық құқығы болып табылады. Цифрлық хабар тарату – бұл ақпараттар ағыны мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудегі жаңа сапалы қадам. Цифрландыруға көшу қоғам мен қазіргі заманғы технологиялардың даму динамикасын көрсететін ең маңызды техникалық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселе десек, артық айтқандық емес.

«Аналогты» және «цифрлық» телевизия арасындағы айырмашылық неде?

Аналогты телехабар таратуда сурет пен дыбысты беру үшін аналогты электр сигналы қолданылады және бір жиілікке бір арна бекітіліп беріледі. Аналогты хабар тарату телевизия пайда болғаннан бері қолданылып келеді және оның айқындығы, түсі мен дыбысы ағынның амплитудасының, жиілігі мен фазасының тез өзгеруімен ұсынылады. Сигнал үздіксіз диапазонда өзгеріп отырады және сыртқы әсерлерге бейім, нәтижесінде кескін көп бұрмалануы мүмкін. Егер сигнал тым алысқа берілсе, онда кескінде жарқыл, «қар» пайда болып, сурет бұзылады және басқа да кемшіліктер пайда болады. Қазір көптеген фильмдер мен телехабарлар цифрлық пішімде түсіріледі, өйткені аналогты пішімде ТВ кескін мен дыбыстың ерекше эффектілерін толық жеткізе алмайды.

Сондықтан аналогты телевизия іс жүзінде әбден ескірді, өйткені ол бүкіл әлемде енгізіліп жатқан цифрлық хабар тарату жүйесінен барлық жағынан төмен.

ЦЭТВ-ға көшу телевизиядағы жаңа бағытқа жол ашты, ол іс жүзінде кейінгі ұрпақтың ұялы байланысымен тығыз байланысты, телевизия бағдарламаларын бөлме ішінде де, жүріп бара жатқан көлік ішінде де, мобильді құрылғыларға да қабылдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендердің тұрғындарына аналогты пішімдегі 2-3 телеарнаның орнына, цифрлық 15 телеарнаны қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен бірге, оларды таратуға кететін электр энергиясының шығынын едәуір азайтады.

Бұл тәсіл телевизиялық хабар тарату қызметтерінің сапасын айтарлықтай жақсарта алады. Цифрлық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдарламалар санын күрт көбейтуге, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге, телебағдарламалардың кескіні мен дыбысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық хабар тарату – бұл сигнал беру жылдамдығы жоғары жаңа буын телевизиясы. Ол көптеген мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынады: көп арналар, сурет пен дыбыстың үздік сапасы, электрондық пошта, мультимедиялық қосымшалар, радио, батырманы бір басу арқылы экранға шығатын электрондық хабарлар бағдарламасы, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңалықтар. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге, тіпті ең алыс елді мекендерге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз жетеді.

Қазақстандықтар отандық телеарналарды цифрлық сапада және ай сайынғы төлемсіз, облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 30-ға жуық, ал өңірлердің елді мекендерінде 15-тен кем емес телеарананы көре алады. Телеарналар екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде ұсынылады.

2025 жылға қарай цифрлық эфирлік телевизиямен Қазақстан Республикасы халқының кем дегенде 98%-ын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button