САНДЫҚ ТЕЛЕАРНАНЫ ҚАЛАЙ КӨРЕМІЗ?

- Атырау облысы 2015 жылы сандық технология бойынша таратылатын телеарнаға көшпек. Осы ретте қолданыстағы теледидарлар жаңа жүйемен жұмыс жасауға лайықты ма, әлде өзгерістер енгізу қажет пе?

 

Асқар ТҰРАРБЕКОВ,
Махамбет ауданы.

Қалихан ЫБЫРАЙЫМОВ, «Қазтелерадио» АҚ Атырау филиалының бас инженері:
– Бұл жұмыс тұтастай алғанда кезең-кезеңімен жүргізілмекші. Айтуыңыз орынды, 2015 жылдың аяғына дейін сандық телеарнаға толықтай көшуіміз қажет. Ал, сауалыңызға орай айтарым, ол ең алдымен сіздің теледидарыңыздың мүмкіншілігіне байланысты. Яғни, соңғы уақытта шығарылған теледидарлар сандық желімен жұмыс жасауға толықтай дайын болып келеді. Ал, ескі теледидарлардың кейбірінде мұндай мүмкіншілік жоқ.
Жалпы, жаңа жүйемен жұмыс жасау үшін арнайы құрылғы қажет. Оны «Қазтелерадио» АҚ-ның арнайы авторландырылған дилерлерінен алуға болады. Теледидарыңыздың арнайы құжатында көрсетілген мәліметтер бойынша да сізге қандай құрылғы қажеттігін біле аласыз. Бұл сұрақ төңірегіндегі толыққанды жауапты 193 нөмірі арқылы да білуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз