ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН

Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы – халық мүддесін қолдайтын ең дұрыс шешім. Себебі, бүгінгідей уақытта еліміздің еш кедергісіз алға дамып, кезіккен қандайма қиындықты  еркін еңсеруі үшін бұл саяси науқанның маңызы жоғары деп білемін.

Жалпы, қандай кезең болмасын Қазақстан халқының Мемлекет басшысын таңдауда жаңылған тұсы жоқ. Тәуелсіз еліміздің тарихында бүгінге дейін бір ғана Президент болды. Сол басшы жүргізген саясат нәтижесінде еліміз алдына айқын мақсат қойып, әлемдік аренада өзіндік орны бар мықты мемлекетке айналды.

Әлемде күрделі қаржы-экономикалық дағдарыс пен жаһандық сын-қатерлер күшейіп тұрған кезде мұндай Үндеудің қабылдануы бүгінгі уақыт талабынан туындап отырғаны белгілі. Дүние жүзінде болып жатқан өзгерістер елімізге елеулі әсерін тигізбей тұра алмасы белгілі. Бұл шақта бұған дейін де талай дағдарыстан өткен еліміз  осы қадам арқылы мемлекеттік дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілетін болады. Сонымен бірге, Үндеуде орынды көрсетілгендей Президент пен Парламент сайлауын бір жылда өткізу қайсы мемлекет үшін де тиімді болмас еді.

Бүгінде еліміз тыныш, ал азаматтар болашаққа  зор сеніммен қарайды. Бірлігіміз де мығым. Бізге қажеттінің бәрі бар. Экономикамыз  да қарыштап дамып келеді. Қай салада болмасын алға қарай ілгерілеушілік байқалады. Тек ерінбей еңбек етіп, татулығымызды сақтай білсек болғаны. Осындай деңгейге жете алмай жүрген елдер қаншама. Сондықтан, қолда бардың қадірін біліп, ертеңгі істі бүгіннен  бастаған  Ассамблея Үндеуінің жалпыхалықтық қолдауға ие болуы орынды-ақ.

Владимир РОЗМЕТОВ,

«Атырауагроөнімдері» шаруа

қожалығының басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз