Қоғам
САНДУҒАШТЫҢ САМҒАУ ШАҒЫ
Сондай талантты тұлғаларды топырағында тудырған қасиетті де киелі мекеннің дарынды түлектерінің бірі – Сандуғаш Қоданова. Осыдан 15 жыл бұрын Кенбай орта мектебін ойдағыдай бітіріп, Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түскен қыз оны да үздік бағамен тәмамдаған. Жастайынан шығармашылық қырынан танылып, ғылым жолына бет бұрған ғалым бүгіндері өзі дәріс алған жоғары оқу орнының физика кафедрасының профессоры. Ұзақ жылдарғы тынымсыз еңбегі лайықты бағаланып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.
Жақында Сандуғаш Құлмағамбетқызы өзіне сапалы білім мен саналы тәрбие берген алтын ұясына келіп, ұстаздарымен және сыныптастарымен жүздесті.