Сағыз ауылындағы атыстан жарақат алғандардың төртеуі Мақат ауданына жеткізілді

369f6dfb b514 46f8 8ad7 6a84002e38c1 Қоғам

«Түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған
1985 (3 адам), 1986 (1адам) жылғы тұрғындар қосымша ем алу үшін Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Сағыз ауылында атыс болып, 6 адам жарақат алғанын, кейін 1 адамның көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқыс оқиға 30 қазан күні кешкі сағат 19.30-да Сағыз ауылы бойындағы «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331 шақырымында болған.

Атыс кезінде жарақат алғандарға медициналық көмек
Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясында көрсетілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қосымша ақпараттардан белгілі болғанындай, оқиғаға ауыл жастарының арасындағы өзара қақтығыс себеп болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз