Жарнама
Қоғам

Сәбиді судан құтқарған…

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ «ЕШКІМ БАТЫР БОЛЫП ТУМАЙДЫ. БАТЫРЛЫҚ ТА МІНЕЗ СЕКІЛДІ ӨСКЕН ОРТА, КӨРГЕН ТӘРБИЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ» ДЕГЕН СӨЗІ БАР.

Оның мағынасы соғыс уақытында ғана емес, бейбіт күнде де ерлік көрсетіп, батыр атанатындар кездеседі. Солардың бірі – Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Қамзин. Ол жақында суға батып бара жатқан екі жастағы ұл баланы ажал тырнағынан құтқарып қалды. Қ ұ з ы р л ы м е м л е к е т т і к қ ұ р ы л ы м д а р ө к і л д е р і н і ң мәліметінше, бұл оқиға былай болған. Қазан айының 15-і, сенбі күні әлгі балдырған өзінің әжесімен серуендеуге табиғат аясына шығады.

Жайық жағалауында алаңсыз ойнап жүрген бала әжесінің қолынан сытылып кетіп, суға қарай жүгіре жөнеледі. Үлкен кісі оған жетем дегенше сол маңда отбасымен қыдырып жүрген Мұрат асқан шапшаңдықпен өзенге бет қойып, бейкүнә сәбиді тілсіз жаудан құтқаруға асығады. Соның өзінде ол жағадан 2 метрдей жерге кетіп қалған көрінеді. Ал, біздің кейіпкеріміз болса еш ойланбастан өзенге батып бара жатқан баланы аман алып шығады. Оқиғаның орын алған жері – облыстық балалар ауруханасы ғимаратының маңы. Күнделікті қызметін мінсіз атқарып, өзіне жүктелген міндеті мен тапсырылған жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, ортамызда жас та болса бас болып жүрген Мұрат Мәлікұлының бұл әрекетін ерлікке теңеп, батырлыққа балағанымыз орынды. Сол үшін де біз осындай отандастарымыз барын мақтан етіп, үлгі тұтамыз. Оның бейбіт күндегі батылдығы мен батырлығы қандай марапатқа да лайықты деп санаймыз, — дейді оның ұжымдастары.

А т ы р а у о б л ы с ы н ы ң санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшылығы осындай азаматты өз тарапынан ұлықтаса, Денсаулық сақтау министрлігі санитариялықэпидемиологиялық бақылау комитеті оған арнайы сыйақы тағайындапты.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button