Атырауда мұғалімдер дәрігерлерге арнап сурет салды

200322161118950e Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Атырауда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының мұғалімдері коронавируспен ауырғандарды емдеп жатқан қазақстандық дәрігерлерді қолдап, білім ұясының қабырғасына сурет салды.

«Біздің виртуальды қолдау көрсетуімізге 13 жастағы Раида есімді оқушының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жазған хаты себеп болды. Өзінің бірінші мүшел жасына толған туған күнінде жанында анасының болмағанына қынжылды. Өйткені, дәрігер болып жұмыс істейтін анасы коронавируспен ауырғандарды емдеуде.

Оқушы қыз министрден адамдардың ауырмауы үшін, анасының тезірек үйіне оралуы үшін бар мүмкіндікті жасауды өтінді. Бұл бізге де ой салды. Академия қабырғасына медициналық маска мен қолғап киген дәрігердің суретін салдық. Осылайша, коронавирус ошағында өз өмірін тәуекелге тігіп, сырқаттарды күні-түні емдеп жатқан қазақстандық дәрігерлерді қолдағымыз келді. Біз олардың лайықты еңбегіне құрметімізді осылай білдірдік» -деді Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы сурет пәнінің мұғалімі Мейірбек Бақтияр.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-қajyrymdylyқ-ortalyғy-ashylyp-azyқ-tүlik-pen-maskalar-tegin-taratyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз