Сағыныш сазы
(Эссе)
Құстың қанатындай ұшып жатқан зымыран күндер легі қаншама жақсы мен жайсаңды, ел құрметтейтін дананы, інілер іздейтін ағаны алып кетіп жатыр десеңізші! Міне, жалғыз ауыз сөзімен дүйім жұртты өзіне қарата білген, шаңырағының ғана емес, бүкіл әулеттің ұйтқысы атанған Қабижан Салықұлы ағамыз бен дастарханы жиналмаған, қашан барсаң алдыңнан жарқырап шығып, қуана қарсы алатын Сұлупия жеңгеміздің әзіз жүректерінің тоқтағанына да жыл толып қалыпты. «Қамшының сабындай қысқа өмір» дегеніміз осы ғой.
Өзінің бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақты біліммен сусындатуға жұмсаған Қабекең еңбек жолын ауыл мектебінде қарапайым мұғалімдіктен бастаған еді. «Адамгершілік дегеніміз – адамның адамға жасаған жақсылығы. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Адамгершілік жайлы айта бергеннен гөрі, оны өз бойыңнан таныта білген көп артық» деп шәкірттері мен ұрпағына қайталаудан танбаған, өзінің бойынан адамилықтың ақжарма самалы есіп тұратын, қайран аға! Лауазымды қызметтерге қолы жетсе, басы жерге иілмей қалатындардан оның бір ерекшелігі – кішіпейілділігі. Жиырма төрт жыл бойы мектеп басқарған уақытта еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін ол кісінің қара қылды қақ жарған әділдігіне сүйсініп, ақылмен жол тапқан парасат-пайымына бас иіп отыратын. «Адамның (басшының) ең қымбат қасиеті – әділдігі. Әділ болу үшін адал болу керек» деген қағидаға сүйеніп, жан-дүниесінің тазалығын дәлелдеп өткен Қабижан ағамыздың жүріп өткен жолының өзі – жас ұрпақ үшін өнеге.
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).