Жарнама
Қоғам

САҒИДЫҢ СОҢҒЫ САПАРЫ

Сол «Нарын таңы» газетінде 1977 жылдың 1 қазанынан 1986 жылдың 10 ақпанына дейін фототілші болып Сағи Бәбиев деген азамат еңбек етті. Ол кезде газет аптасына 3 рет шығатын. 1980 жылы КСРО Журналистер Одағына мүше болып өткен Сағи Бәбиев фотосуреттермен қатар,  іссапарда жүрген жерінен репортаж, суреттеме, очерк, мақалалар, тіпті сықақ өлеңдер де жазып қайтатын. Оның бәрі облыстық, аудандық газеттерде жарияланатын. Қолымдағы дерекке сүйенсем, Сағи Бәбиев 1977-1986 жылдар аралығында газеттің 1309 санының шығуына үлес қосқан екен. «Нарын таңының» №1(562) санында-ақ ол түсірген 6 фотосурет жарияланыпты. Оның аудандық газетке сіңірген еңбегін осыдан-ақ көруге болады. Сағи Бәбиевтің Ақтоғайда іссапарда жүріп, кенеттен дүниеден озғанына биыл 10 ақпанда 30 жыл толып отыр.

 

30  жыл…  сен  кеткелі   арамыздан,

Бірақ, бірақ, кетпедің санамыздан.

Басыңа жылда барып тәу  етеміз,

Қалдырмай жұма күнгі дұғамыздан.

 

Ақ көңіл, елгезек ең бала сынды,

Бар туыс, ағайынның жанашыры.

Өмірді мағыналы өткізіп ең

Ортаңда еңбегіңмен жарасымды.

 

Өтсе де қанша күз бен қанша көктем,

Еске аламыз ақ жауын тамса  көктен.

Ешқашан ұмытпайды бауырларың,

Есімің кетпей қойды көкіректен.

 

Жансекер БӘБИҚЫЗЫ,

Исатай ауданы,

Исатай селосы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button