Қоғам
ҰРПАҚТАР АЛҒЫСЫ
Атырауда аталмыш акцияға бизнес-қоғамдастықтар арасында бірінші болып «Медикер Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау танытты. Осыдан тура төрт жыл бұрын көпбейімді медициналық орталық өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде амбулаториялық-диагностикалық бөлімшеге күн сайын 500-ден аса адам келіп қаралады екен. Сондай-ақ, орталық 22 кереуеттік стационар, 4 орындық терапиялық палата, 2 ота жасау залымен қамтылған.
Акция кезінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Өтәлі Балғымбаев, Бағыт Қуанышев, Орынғали Қарасаев, Закария Сұлтанов, Әлібек Түсібәлиевтер терапевт, ультра-дыбыстық зерттеу, лор, кардиолог және басқа да мамандардан тегін медициналық көмек алды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Сурет автордыкі.