Жарнама
Қоғам

РИЯСЫЗ РИЗАШЫЛЫҚ

Матвей Крюков ІІ дүниежүзілік соғыста Еуропаның 12 қаласын азат етуге қатысқан. 29 жасында соғысқа аттанған Матвей Степанович 60-шы  атқыштар полкі бригадасы саяси жетекшісінің орынбасары болып тағайындалады. 1942 жылдың мамыр айынан бастап ол 83-ші гвардиялық миномет полкінің зеңбірек командирі болды. Матвей Крюков әскери борышын өтеген дивизияның 23-ші танк корпусының құрамымен Барбенково, Донбассты, Украинаның сол жағалауын, Румыния, Венгрия, Австрия және Чехословакияны азат етуге қатысты. Ерлігі мен батылдығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен марапатталды. Жоғары бас қолбасшының бұйрығымен оған 11 рет алғыс жарияланған.

Осылайша соғыс даласындағы ұрысты әңгімелеген майдангер Мемлекет басшысына, облыс жетекшілеріне ерекше құрметі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Ұшан Олжабаев, Рамазан Қожақов және Владимир Жаровтардың шаңырақтарында да  елдің саяси жағдайы, өңірдің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы әңгімеге арқау болды.  Майдангерлер жанкешті майдан жолы туралы сыр ақтарды, қамқорлық білдіріп, қарияларын қадірлеген азаматтарға ризашылығын жеткізді.

— «Көңіл көңілден су ішеді» деген,  ескерусіз қалдырмай, шаңырағыма келіп, көңілімді көтергендеріңізге алғысым шексіз. Үлкен толқыныс үстінде отырмын өзімнің жалғыз еместігіме көзім жетіп. Ел тізгінін қолына алған басшыларымыз, жұртым аман, егемендігіміз мәңгі болсын, — деген ардагер Ұшан Олжабаев та мерекелік лебізін білдірді. 

Облыстық мәслихат хатшысы С.Лұқпанов бастаған топ, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Қараш Қалиев, Раушан Досқалиев пен Зулкам Дадышевтардың да отбасында болып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Біз үшін соғыс ардагерлерінің, аға буынның өз ерекшелігі бар. Олар – біздің мақтаныштарымыз! Сондықтан, біз әрдайым өмірі өзгеше өрілген, тағылымға толы аға буынның ерлігі мен еңбегіне бас иеміз, – деген облыстық мәслихат хатшысы  Сағындық Лұқпанов әдемі гүл шоқтары мен Елбасының қолы қойылған құттықтау хаттарын ұсынды.

– Алдағы жылы Жеңіске – 70 жыл. Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін. Отанымызда тыныштық пен бейбіт өмір болғай! — деген ардагер Қалаш Қалиев соғыс ардагерлеріне көмек көрсетіп, қамқорлық танытатын Мемлекет басшысына, жергілікті билік өкілдеріне алғысын жеткізді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button