Қоғам
РЕСПУБЛИКА КУБОГЫН ҰТЫП АЛДЫ
Бұған қоса, аталған жас ерекшелігі бойынша ел чемпионатының да ІІ туры өтіп, жерлестеріміз мұнда да жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетсек, ел чемпионатының алғашқы туры Қарағанды қаласында өткен болатын. Мұнда атыраулық жас спортшылар ІІ орынды еншілеген еді. Ал, соңғы ІІІ тур жыл аяғында Атырауда өтпекші.
— Команда сапында 12 спортшы бар. Атырауда су добынан жаттығу бөлімшесі ашылғанына небары екі-ақ жыл ғана болды. Екі жылда осындай үлкен жетістікке жетіп, кубокты Атырауға алып келіп жатырмыз. Тәрбиеленушілеріме ризамын, — дейді атыраулық команда жаттықтырушысы Ернұр Қойлиев.