imgpreview 3

«Қызу қолдауды сезіндім»

Қоғам

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда университетінің студенті Асланбекқызы Айшабибі əлеуметтік төлемнің студенттер үшін үлкен көмек екенін айтты.

ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі төтенше жағдайға орай студенттердің де əлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі барын мəлімдеді.

«Мен бірыңғай жиынтық төлем жасап, телеграм-бот арқылы өтінім жібердім. Шыны керек, сенбеушілік болды. Алайда, бүгін 42500 теңгенің шотыма түскенін көріп қуандым. Мұндай жəрдемақы бірге оқитын құрбыларыма да бұйырып, бір-бірімізден сүйіншілетіп мəре-сəре болып қалдық. Қазір біздер қашықтан білім алып, көңіліміз қаяу болып жүрген еді. Осындай қиын сəтте Мемлекет басшысының қолдауын сезініп, біздің де елеусіз емес екендігімізді түсіндім».

Майра Оразғалиева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған