Облыс әкімі кімге қандай уәде берді?

295994970 5393554847364727 3829080794825107803 n Қоғам

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындар денсаулық сақтау, баспанамен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі, электр желілерін жаңарту және т.б мәселелер көтерді. Тұрғындармен кездесуді қорытындылаған Серік Шәпкенов азаматтар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, әр мәселе бақылауға алынатынын жеткізді. Қабылдау барысында көтерілген тұрғындар мәселесі зерделеніп, заң аясында шешім шығарылады. Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі 200-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз