Жарнама
Қоғам

Қырғыз қазақ бір туған

«Қырғыз-қазақ бір туған» деп іш тартып тұратын айыр қалпақты ағайындар тағы да дүрлікті.  Тарихқа үңілсек, сонау Октябрь революциясы бастауында ақтар, қызылдар болып жікке бөлініп, бір-біріне жалаң қылышпен шапқанда қолға түскен бір бейбақтан: «осы сен кімнің жағындасың, не үшін соғысып жүрсің?» десе, сәл ойланып қалып: «осы Ленин қай жақта, мен сол жақтамын» деген екен. Сол айтқандай, олардың арасында біреулердің қолымен от көсеп, қосақ арасында бос кетіп жүргендері де аз болмас. Сондықтан, мұндай дүрбелеңге аттандап ат қосқаннан гөрі, бір-бірімізді сабырға шақырып, елдің ертеңін, береке-бірлігін ойлаған дұрыс деп есептеймін.

Әрине, еншісі бөлек бауырлас қырғыз еліндегі болып жатқан жағдайға баға беретіндей біз саясаткер емеспіз, бірақ үлкен өкінішпен қабырғамыз қайысып, осы арандатуды ұйымдастырушы түрлі саяси көзқарастағы топтар бар-ау деп топшылаймын. Қалың бұқараға мұндай ереуілдер емес, қарынның тоқтығы, ұрпағының амандығы, елдің тыныштығы қажет. Осындай себеп-сылтауларды желеу еткен саяси топтар халықты көтеріп, өздері ұпайларын түгендеуге тырысып бағады. Қашан да адал еңбектерімен несібелерін тауып жеп отырған қырғыз бауырлар жіберілген қателіктерден сабақ алып, жылы-жарықта бұрынғы мамыражай бейбіт тірліктеріне көшсе-нұр үстіне нұр.

 Самат ЖАЙЛАШЕВ

 Махамбет аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button