Атырауда мемлекеттік тілді қолдану ережесін бұзған мейрамхана иелері жауапкершілікке тартылды

92 Қоғам

Жыл басынан бері қазақ тілін қолдану ережесін бұзған екі мейрамханаға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram каналында жариялады.

Облыс әкімінің орынбасары соңғы кездері Атырау облысы әкімдігіне қала тұрғындары атынан қоғамдық орындарда, әсіресе мейрамханалар мен кафелердегі көрнекі ақпаратта, соның ішінде ас мәзірлерінде мемлекеттік тілді заңдылық талаптарға сәйкес пайдаланбау фактілері туралы хабарлар, өтініштер көп түсетінін алға тартқан.

– «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  21-бабына сәйкес, басқа да көрнекі ақпараттармен бірге, ас мәзірлері де мемлекеттік тілде ұсынылуы керек. Қажеттілік болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Сондықтан, халыққа қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге Тіл туралы және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңдылық аясында қызмет көрсетуге міндетті екенін еске салғым келеді, – деп жазды.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз