Жарнама
Қоғам

Құтырған иттерді кім қадағалайды?

Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталатын зоонозды топқа жататын аса қауіпті ауру. Табиғатта құтыру қоздырғышын тасымалдаушылар негізінен ит тұқымдастарына жататын жануарлар болып табылады. Сондай-ақ мысықтар мен малдар да бұл аурумен ауырады.  

   
Құтыру ауруы сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады.
— Биыл 5 айда Атырау облысы тұрғындары арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Соңғы рет құтырумен бір жағдай 2010 жылы Құрманғазы ауданында орын алған болатын. Жыл басынан өңірде жануарлардың тістеуінен, тырнауынан зардап шеккен 585 адам медициналық көмекке жүгінді. Көмекке жүгінгендердің барлығына құтыруға қарсы екпе тағайындалды. Аурудың алдын алуға болады. Бұл үшін уақытында медициналық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы екпелерін алуы қажет және екпенің үзілуіне жол бермеу керек, деді Департаменттің баспасөз хатшысы Айкөркем Нұрғалиева.

Сонымен бірге, оның айтуынша, шағымданудың 97%-ы иттер мен мысықтардан, 3 пайызы өзге жануарлардан алған жарақаттардың әсерінен болып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button