Құлсарыда 300 отбасы жаңа қонысқа ие болады

fa9392f9 e271 40b0 87e5 0537bc09a450 Қоғам

Құлсары қаласында 100 пәтерлі үш көпқабатты үй салынуда, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • Тұрғын үймен қамту – халықтың өмір сүру сапасының маңызды факторы. Ауданда бұл мәселеге үлкен көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылы Құлсары қаласында 70 624 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов.

Спикердің айтуынша, Құлсарыда 231 көпқабатты үй бар. Олардың алғашқысы өткен ғасырдың 1950-1960 жылдары салынған, ал соңғы рет жаңа үй 2015 жылы пайдалануға берілген.

«Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте тұрғын үйге мұқтаж 1300-ден астам адам тұр. Олардың 300-і жақын арада жаңа баспананы иеленеді» деді спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз