Қоғам белсенділері студенттермен кездесті

2022 05 17 a09617c1 d963 48a9 b8b5 597f3e35839a Қоғам

Референдум: Атырауда қоғам белсенділері студенттермен кездесті.

«Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев пен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Дарья Шилина Атырау инженерлік-гуманитарлық институты жанындағы колледж студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Іс-шараны колледж директоры Жангүл Туманшиева ашты.

  • – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы республикалық референдум туралы жариялады. Өздеріңіз білетіндей, соңғы референдум 1995 жылы Конституция қабылданған кезде өтті. Әрине, бізге өзгеріс қажет. Біз «Еститін мемлекет» қалыптастырудамыз. Сондықтан, әрқайсыларыңыз еліміздің болашағы үшін дауыс берулеріңіз керек, – деді Жангүл Тұманшиева.

Қоғамдық белсенділер Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерді және референдум өткізудің мәнін талқылап, жаңа Қазақстанның қалыптасуы үшін енгізілетін түзетулердің маңыздылығын атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз