Қиын кезеңде қамқор болған…
ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІКТІҢ, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ПРОГРЕСС ЖОЛЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМИТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
Рухани-адамгершілік құндылықтарға және барлық діни мәдениеттер мен конфессияларға құрметпен қарауды үндейтін іс-шараның алғашқы сөз кезегін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова а л ы п , а т а у л ы к ү н н і ң м ә н — м а ң ы з ы м е н шығу тарихына тоқталып, конференция қонақтарын ашылу салтанатымен арнайы құттықтады. 1992 жылы рухани келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан – Рухани келісім күні деп бекітіліп, Қазақстан және бірқатар басқа елдерде айтулы дата жыл сайын мерекеленіп келеді.
Бұл күн мереке ғана емес, мәдениеттер мен діндер тоғысындағы диалог, рухани бірлік, адам мен табиғаттың, мемлекеттер, қауымдастықтар мен халықтар арасындағы бейбітшілік пен үйлесімді қарым-қатынастың шарты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов ежелден досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршіге мейірімді қазақ халқы Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ топырағын паналаған 640 мың өзге ұлт пен этнос өкілдері қазақтың кеңпейілдігін ұмытпауы тиістігін баса айтты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде жергілікті ғалымдар мен дін саласының мамандары, этномәдени бірлестік өкілдері баяндама жасап, ұлт пен ұлыс, түрлі дін өкілдері бас қосқан іргелі шара болды.
Салтанат САНСЫЗБАЙ