Қазақтың дизелі мен бензині сыртқа кетпеуі керек

benzin1 Қоғам

Қазақстан экономикасының күре тамыры – мұнай мен газ. Сондықтан одан өндірілетін өнім де көршілес өзге елдерге қарағанда көп арзан. Былтырғы Қаңтар оқиғасынан кейін автокөлікке құйылатын газ бағасы да төмендеді. Әрине, мұның барлығы қарапайым халыққа жақсы болғанымен, сайып келгенде еліміздің экономикасына кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес.

Бұл біріншіден, еліміздегі жанар-жағармай тапшылығын туғызып отыр. Үш мұнай өңдеу зауыты қайта жаңғыртылып, өнім өңдеу бірнеше есе артқанымен, ішкі сұранысты әлі өтей алмай келеді. Неге? Қазақстанда бензин мен дизель отыны құнының төмендігін көріп, оны арзан бағаға алып, өз елінде қымбатқа  сататын алыпсатар көршілер көбейіп кетті. Қазақтың бензині мен соляркасы өзіндегі жетпестіктің орнын жабудың орнына, делдалдың қалтасын қампитып, сыртқа кетіп жатыр.

Екіншіден, бағаның төмендігі саланың  жеткілікті түрде дамуына айтарлықтай әсер етіп келеді. Өңделген өнім мен оны тасымалдау, сату шығындары, негізінен, өзін өзі өтеп тұрса ғана жүйелі жұмыс жасап тұратыны анық. Мәселен, газдың тым арзан болғаны оны өндіріп, өңдеп, тасымалдайтын осы саланы болашақта тығырыққа тіреуі әбден мүмкін. Өйткені кіріс аз, шығыс көп.

Сондықтан саланың келешегі мен ішкі нарықтағы сұранысты ойлаған министрлік пен ел Үкіметінің қабылдап жатқан шешімі дұрыс деп есептеймін.

Рай Бисәлиев,

Құрметті теміржолшы,

Жылыой ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз