Қазақстандық базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім алынды
ҚР ДСМ СЭБК 2021 жылдың 9 айында елдің тұтыну нарығында сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды.
ҚР ДСМ ҚЭК баспасөз қызметінің хабарлау- ынша, ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Ағымдағы жылдың 9 айында мониторинг аясында 22175-тен астам тамақ өнімдерінің сы- намалары зерттелді, олардың 2537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына жау- ап бермеді. Таңбалау ережелерінің сақталмауы – 70,0%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны адастыратын көрсеткіштер бойынша – 14,0%-ын құрады», — деп хабарлады ведомстводан.
Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта – 12,0%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9%, нан және нан – тоқаш өнімдерінде – 0,8 %, жеміс — көкөніс өнімдерінде – 3,1%, қапталған ауыз суда, оның ішінде минералды суда – 0,3%, шырын өнімдерінде – 1,9%, алкоголь өнімдерінде – 1,1%, алкогольсіз сусындар – 4,5 %, арнайы тамақ өнімдері – 5,5%, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – 0,9% және өзге де тамақ өнімдері – 10,3%-ын құрады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 55,4 %, басқа елдерден – 21,8% анықталды.
Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі-22% құрады.
Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша 1246 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 іс қозғалды, 6 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
3,8 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды.
Комитеттің деректері бойынша сәйкес келмейтін өнімдер ішкі нарықта айналысының негізгі себептері «сұр» сертификаттар мен сәйкестікті растау декларацияларын беретін сәйкестікті растау жөніндегі органдардың жосықсыз қызметі және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарларды кедендік ресімдеу кезінде «сұр» сертификаттар мен өнімге арналған декларациялардың пайдалануы болып табылады.
Комитет сәйкестікті сенімді бағалаусыз өткізілетін өнімді анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Сонымен, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органға өнімнің сәйкестігін растау құжаттарды берудің анық еместігін және бақылаусыздығын көрсететін фактілерді анықтау туралы 17 материал жіберілді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, құрамында ГМО бар тамақ өнімдерін (Оңтүстік Кореяның тез дайындалатын кеспесі) әкелуді және өткізуді шектеу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізілді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігіне қарау және ветеринариялық-санитариялық санкциялар енгізу туралы шешім қабылдау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 12 өнім өндірушілеріне қатысты материалдар жолданды.
Отандық өндірушілердің атына тиісті шаралар қабылдау үшін сәйкес келмейтін өнімді анықтау туралы 450 хабарлама жолданды.
Сәйкес келмейтін өнім өндірушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына 30 хабар- лама жіберілді.
Қазақстанда сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша ҚР ДСМ СЭБК жұмысы жалғасуда.