Жарнама
Қоғам

Қазақстандағы АЭС – жаңа кезеңнің бастамасы

Елдің энергетикалық балансына АЭС енгізу – отын көздерінің шектеулі ресурстары мен экологиялық проблемалар жағдайында маңызды мәселе.

Кешеннің басты артықшылықтарының бірі — экологиялық таза энергия көзі. Ядролық энергия көмір мен газға қарағанда ауаға зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу бағытында АЭС-тің рөлі айрықша. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін атом энергиясын пайдалану перспективалары зор.

Дегенмен, АЭС құрылысы өзімен бірге бірқатар мәселені де ала келеді. Алдымен, ядролық қауіпсіздік және экологиялық қауіптерге қатысты сұрақтар туындайды. АЭС салу және пайдалану кезінде жаратылатын радиоактивті қалдықты қауіпсіз сақтау мәселесі басты назарда болуға тиіс. Сонымен қатар, қоғамда атом энергиясына қатысты теріс пікірлер мен қорқыныштар бар, бұл жобаның іске асырылуына кедергі келтіруі мүмкін.

АЭС-тің құрылысында ғылыми-техникалық жетістіктер мен халықаралық тәжірибелерді ескеру, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындардың пікіріне де құлақ асқан жөн. Сонымен қатар, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі энергия көздерін пайдалану, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажет.

Қазақстандағы АЭС құрылысы — елдің болашақ энергетикасына оң әсер етуі мүмкін, бірақ оны іске асыру үшін жан-жақты сараптама, қауіпсіздік шаралары мен қоғамдық келісім қажет. Энергетиканың болашағы барлық мүдделі тараптардың бірлесе жұмыс жасауы мен жауапкершілігін талап етеді. Сондықтан 6 қазанда өтетін референдумда әркім өз таңдауын жасағаны ләзім.

Регина АНАРБЕК,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
«Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button