ГИМНАЗИСТЕР ТАҒЫ ДА ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, облыстық ұлттық гимназия шәкірттері талай сайыстарда өздерінің терең білімін дәлелдеп жүр. Олар осы ақпан айының 18-21-і аралығында Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысқан болатын. Осы сынға облысымыздан барлығы 41 оқушы қатысқан болса, соның 13-і – осы гимназия шәкірттері. 

 Қанжығаларына талай байрақ байлап жүрген гимназия шәкірттері – Сұлтанбек Аманов пен Нұрзия Хамзина – бірінші, Данагүл Нәсіпқалиева мен Айдана Амангелдиева – үшінші, Райхан Тоқтарова мен Динара Үмітқалиева мақтау грамоталарына қол жеткізді. Олар осылайша ұлттық гимназия мәртебесін бір көтеріп тастады. 

Жас ұрпақтың білім көзін ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен, өмірден өз жолын адаспай табуына мұрындық болу – білікті ұстаздар қауымының абыройлы борышы. Олай болса, біз, ата-аналар, талабы таудай балаларымыздың білім мен ғылым жолындағы жетістіктерімен олардың ұстаздарын да шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз өз жемісін бере берсін! 

Сейітжан ДҮЙСЕКЕНОВ,
Атырау облыстық ұлттық гимназияның ата-аналар комитеті төрағасы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз