
Қоғам
Қазақстан халқының неше пайызы ұшақпен қатынауда?
Көлік министрлігі сауалға жолдаған жауапта Қазақстан халқының неше пайызы азаматтық авиацияның қызметін тұрақты түрде пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Kazinform.
– 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары 13,3 млн. жолаушы тасымалдады. Демек, бір жылда Қазақстандағы 20 млн халықтың 66,5%-ы әуе тасымалын пайдаланды, — деп жазылған ресми мәліметте.
Басқаша айтсақ, әр авиа жолаушы бір жылда орта есеппен 1 947 шақырым жолды ұшақпен еңсерген.
–2023 жылы жолаушылар айналымы 25 898,5 млн. жолаушы/шақырым болды. 2023 жылы 1 адамға алғанда орташа есеппен 1 947 км келеді, — делінген жауапта.
Бұған дейін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан аспанынан қанша табыс тауып отырғанын жазған едік.