Жарнама
Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясы Республика күні туралы конференция өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Республика күніне орай «25 қазан – Тәуелсіздік бастауы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері мен Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланып, еркін микрофон форматында пікірлер айтылды.

«Еліміз үшін 25 қазан күні – аса маңызды даталардың бірі. Себебі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл 70 жыл бойы арман болған тәуелсіздікке қарай жасалған алғашқы қадам болатын. Аталған декларацияның қабылдануы өз кезегінде еліміз үшін оң өзгерістерге әкелді. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді», — деді елорданың ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

Сонымен бірге, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Мұсабалина бұл мереке 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы» декларация ел дамуындағы бетбұрыс болғанын атап өтті. Декларация демократиялық, әлеуметтік бағдарланған және құқықтық мемлекет құруды жариялады. Онда Қазақстанның нақты егемендігінің барлық атрибуттары: өз аумағы мен азаматтығы, мемлекеттік биліктің дербестігі мен толықтығы, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, мемлекеттік егемендіктің классикалық рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ өзінің ұлттық валютасы бекітілді. Бұл құжат Қазақстанның халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретіндегі конституциялық-құқықтық мәртебесін бекітті.

«Бүгінде біздің тарихымыз 1991 немесе 1465 жылмен өлшенбейді. Біздің халқымыз бұл жерде Қазақ хандығы кезінде, сондай-ақ Алтын Орда, Түркі қағанаты, ғұн және сақ дәуірінде өмір сүрген және өскен. Бір сөзбен айтқанда, біздің ұлттық тарихымыздың терең тамыры ежелгі жер қойнауында жатыр. Қазіргі Қазақстан – өз экономикасын ойдағыдай дамытып, еліміздің өркендеуі мен тұрақтылығына жол ашатын жас, еркін тәуелсіз мемлекет», — деді Гүлнар Мұсабалина.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button