Жарнама
Қоғам

«QAZAQ ВANKIНІҢ» ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

 

— Азат Құрманбетұлы, ең алдымен «Qazaq Вanki» жайлы әңгіме қозғасақ. Бұл есім атыраулықтар үшін қазіргі таңда жаңа болып отыр.

— Бүгінгі күні біздің банк еліміздің ұдайы дамып отырған қаржылық институттарының бірі болып табылады. Қарап отырсақ, 2013 жылы банктің акционерлер құрамы ауысып, жаңаша даму ұстанымы қабылданғаннан бері банк 10 есе өсті, оның валюталық балансы 15 миллиард теңгеден 150 миллиард теңгеге дейін артты. Жарғылық капиталы да әрдайым ұлғайып отыр. Жақында банк өзінің қарапайым акцияларын орналастыруының нәтижесінде жарғылық капиталын 19,2 млрд. теңгеге дейін, 55%-ға арттырды, ал меншікті капиталы тиісінше 21 млрд. теңгеге дейін өсті.

«Qazaq Вankiнің» жарғылық капиталының жоспарлы өсімі бүгінгі күндегі дүниежүзілік нарықтағы жағдайлардың жағымсыз келбетінде банк активтерінің ілгері өсімін қамтамасыз ететін тұрақты негізінің болуын мойындайды. Біздің күтуімізше, қосымша капитализация арқылы қаржылық институт несиелік қызметін дамытып, өзі үшін жаңа нарықтарды ынталандырады. Сонымен қатар, біз қор базасының сапалы болуына, бизнесті әрі қарай жақсы дамытуға көңіл бөлеміз. Көптеген аймақтардағы  бар кеңселерімізді дамыта отырып, банк Атырауда да өз өкілдігінің ашылуы жайлы шешім қабылдады.

— Атырауда жұмыс істеудің қандай мүмкіншіліктерін атап өтесіз?

— Бастысы, Атырау өңірінің Қазақстан экономикасындағы стратегиялық  маңыздылығын атап айту керек. Сіз білетіндей, бүгінгі күні осында еліміздің 25%-ға жуық өндірістік өнімдері, мұнайдың тең жартысы мен газдың үштен бірі өндіріледі.  Инвестициялардың басты капиталға меншікті салмағы 19%-ды құрап отыр. Қашаған кен орны мен Теңіздегі мұнай шығаруға байланысты ірі жобалардың жүзеге асуы іскерлік үрдістің серпінін арттырады. Біз Атырауда жұмыс істеуге аса үлкен үміт артамыз. Осы өңірде қазақстандық банк филиалдарының саны 22-ге жетіп, бәсекелестік аса жоғары болса да, біздің банктің қала тұрғындары мен бизнеске ұсынатын өнімдері жеткілікті.

— Сіз атап өткендей, банк нарығындағы бәсекелестік аса үлкен. Өз тұтынушыларыңыздың көңілінен қалай шықпақсыз?

— Атап айтатыным, «Qazaq Banki»  – әмбебап банк. Тиісінше, банктің жаңа филиалында банктік қызмет пен өнімнің барлық түрлері, атап айтқанда, ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар депозиттер, шұғыл мұқтаждықтарға, баспана мен автокөлік сатып алуға арналған несиелер ұсынылады. Заңды тұлғаларға жоғары деңгейдегі кассалық-есептік қызмет көрсету, бизнес жобаларын несиелендіру, банктік кепілдіктерді ұсыну мен басқа да банк қызметтерінің түрлері бар. Біздің артықшылығымыз – жедел және сапалы қызмет көрсету, тұтынушы үшін барынша пайдалы және оның көңілінен шығатындай жан-жақты болу. Бүгінгі күні банктер депозиттер мен несиелерге ұсынатын сыйақы мөлшерлемесінің көрсеткіштеріне байланысты бәсекеге түсе бермейді, әрине, бұл да маңызды. Бірақ, өзекті артықшылық болатыны – қаржылық институт менеджерлерінің тұтынушы сұранысын тез қабылдап, жедел шешім ұсынуы. 

— Банк, ең бастысы, кімдерге қызмет көрсетеді?

— Дәстүрлі түрде шағын және орта бизнеске, халыққа қызмет көрсетеді. Біз Атырау облысының кәсіпкерлік ортасына пайдалы болып, аумақ экономикасының дамуына өз септігімізді тигізгіміз келеді. 

— Жаңа бөлімше өзінің жайлы келбетімен көзге түсіп отыр…

— Біздің кеңселердің безендірілуі мен жайлылығы «Qazaq Вankiнің» ребрендингке дайындалу кезеңінен бастама алып отырған бірыңғай тұжырымдамаға сай келеді.  Банктік бизнестегі бүгінгі заманға сай технологияларды біз қазақ халқының мәдениеті мен тарихын дәріптейтін ұстанымымызбен ұштастырамыз. Біздің заманауи жайлы кеңселерімізде орынды үйлескен қазақи элементтердің болуы осыны дәлелдейді. Бөлімшелерді біз барынша жарқын, жайлы қылдық, бұл орта іскерлік шешімдерді қабылдау үшін аса ыңғайлы болып отыр. Өз тұтынушыларымызды Қаныш  Сәтбаев көшесі, 13 «Б» үй мекен-жайы бойынша күтеміз және арамыздағы серіктестігіміздің ұзақ мерзімді, өзара тиімді және жемісті   болатынынан үміттенеміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button