Атырау облысының әкімі «фейсбукке» жазба жариялады

fb img 1649827659869 Қоғам

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалып, жұмысқа кірістім. Осы уақыт ішінде тілеулестік танытып, сәттілік сәлемін жолдаған жандарға рақметімді айтамын.

Атырау – экономикалық потенциалы жоғары өлке. Аймақтың ел дамуы үшін маңызы зор. Маған облыстың тыныс-тіршілігі таныс. Бұған дейін сіздермен бірге бірнеше жыл Атыраудың дамуы жолында жұмыс істедім. Енді алдағы уақытта облысты жаңғырту жолындағы жұмыстарды жалғастыруда білімім мен тәжірибемді, күш-қуатымды жұмсауға дайынмын.

Осы мақсатта жұртпен қарым-қатынас орнатып, халықпен кері байланысты арттыру үшін Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшамды ашуды жөн санадым. Ендігі ретте осы платформа арқылы маңызды дүниелермен бөлісіп отырамын және облысымызды өркендету жолындағы ұсыныс-пікірлеріңізге ашықпын.

Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!» делінген жазбада.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Серик Садакпаев

    Асаломагаликом Аким мырза мен Садакпаев Серик мен сизден комек сураим маган Атырау каласында бесыктыдеген ауыл бар создан 10 сотык жер берсеныз

  2. Сырбай

    Халық осы кезге дейiнгi әр түрлi деңгейдегі әкім-қаралардың құр уәделерiне тойды, сондықтан бiрiншi кезекте бiрнеше жылдан таусылмайтын жыр болған «Атырау-Астрахань» жолын бiтiруге күш салыңыз!

  3. Асанбаев Бауыржан

    Ассалаумағалайкум Саке қызметіңіз құтты болсын жұмысқа енді кірісіп жатырсыз мүмкін ертелеу болар айтуым жолды қолға алыңызшы

  4. Кулжанова Жемис

    Серик саламатсыз ба? Өз пикиримди, жеке паракшасына жибердим, ешкандай жауап жок, жумыспен камту орталығы басшысы Мәмбетов пен бирге аз камтылган көп балалы ,жалғыз басты аналарға көмек көрсетулері туралы жазылған макалага байланысты жазылған пикиримди кара списокке лактырган, не Маскара! Егерде сынды кабылдай алмаса басшылары орындарын босатсын, Халыктын мәдени әлеуметтік жағдайы төмен екендігін мойындаған жөн, сынды кабылдай алатын, кемшіліктерді жоюға жумыстану керек екендігін түсінетин басшы орындыкка отыру керек, егерде сынды кабылдамай, Халыктын жан ащы айкайына кулак салынбаған жағдайда жоғарғы жакка үндеу тастауға тура келеді, Алдын ала рахмет, кара списокке лактырып тастамаса жарар еді,

  5. Кулжанова Жемис

    Серик саламатсыз ба? Өз пикиримди, жеке паракшасына жибердим, ешкандай жауап жок, жумыспен камту орталығы басшысы Мәмбетов пен бирге аз камтылган көп балалы ,жалғыз басты аналарға көмек көрсетулері туралы жазылған макалага байланысты жазылған пикиримди кара списокке лактырган, не Маскара! Егерде сынды кабылдай алмаса басшылары орындарын босатсын, Халыктын мәдени әлеуметтік жағдайы төмен екендігін мойындаған жөн, сынды кабылдай алатын, кемшіліктерді жоюға жумыстану керек екендігін түсінетин басшы орындыкка отыру керек, егерде сынды кабылдамай, Халыктын жан ащы айкайына кулак салынбаған жағдайда жоғарғы жакка үндеу тастауға тура келеді, Алдын ала рахмет, кара списокке лактырып тастамаса жарар еді, отирикти судай сапырады екенсин дер, жаксы скриншоттап үндеуге керек болады

  6. Алтын

    Саламатсыз ба Серік Жамбыл ұлы! Ел аманатын орындауға сәттілік тілеймін ! Менің Сізден өтінішім бар . Облысымызда дәрігер мамандығы жетіспейтіні айдан анық оны басымызға түскен ауыр күндер күә . Сұрайын дегенім жергілікті әлеуметтік қордан болама шет елде өзінің қаржысы на білім алып жатқан жергілікті жастарға оқу ақысын төлеуге қандай мүмкіндік бар менің қызым 6 жыл өз қаражатыммен Ресей мемлекетінің Саратов қаласында жоғары медициналық университетте білім алып жатыр ары қарай ординатор лық курсын жалғастырғысы келеді осыған дейін жақсы деген бағаға оқыды алайда қаржы жағы қинап тұр Сізден осы мәселеге ықпал етуге көмек сұраймын .

  7. Сейтқали тойлыбай

    Сіздің қабылдау ға кезек жетбей жүр неше неше жыл күтем