Жарнама
Қоғам

Қазақ-қырғыз достығы – ғасырлардан жалғасқан туыстық

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жасаған ресми сапары – тек екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты нығайту ғана емес, сонымен қатар бауырлас халықтардың ежелгі достығын жаңа деңгейге көтеру жолындағы маңызды тарихи оқиға деп білемін.

Президент атап өткендей, қазақ пен қырғыз – түбі бір, тағдыры ортақ ұлт. Сан ғасырлар бойы қатар өмір сүріп, жақсылықта бірге қуанып, ауыр күнде бір-біріне демеу болған қос халықты бүгінгі таңда да өзара сыйластық, сенім мен ынтымақ байланыстырып отыр.

Бүгінде экономикалық, мәдени және гуманитарлық саладағы әріптестік жылдан-жылға тереңдеп келеді. Аймақаралық ынтымақтастық та осы үдерістің маңызды бір бөлігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған кешенді жоспар – екі елдің болашақтағы бірлескен дамуына берік негіз қалайды деп сенемін.

Қазақ пен қырғыздың достығы – бұл тек өткеннің мұрасы емес, ол – болашақ ұрпаққа жолдаған аманат. Сол аманатқа адал болу – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Мұратбек СӘТТІҒҰЛ,

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button