Қауіптің алдын алу — басты мақсат
Бүгінде Атырау облысында көпшілік арасында көктемгі су тасқынына байланысты толғандырған сұрақ көп. Сол сауалдарға жауап ретінде қазір бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатқан тасқынды жою жөніндегі жедел штабтың қызметін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші. Қызылқоға ауданындағы жағдай.
Қазір Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев Қызылқоға ауданында жүр. Ойыл өзеніндегі су деңгейі 2 есе төмендеді (120 см-ден 60 см-ге дейін), Миялы ауылы үшін қауіп төнді. Соған қарамастан Ойыл өзенінің жағасынан шыққан су Қоныстану, Тайсойған, Қарабау ауылдарына жетті.
Қоныстану ауылында бөгеттерді нығайту жұмыстары үшін 50 құтқарушы мен 20 ерікті, 1500 қап және қажетті жабдықтар жеткізілді.
Тайсоған және Қарабау ауылдарына 60 құтқарушы жіберілді. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.
Екінші. Атырау қаласында жер асты суларын айдау жұмыстары.
Еріген және жаңбыр суын айдау бойынша бүгінгі күні 15,7 текше метр су сорылды, осы мақсаттар үшін 100-ге жуық вакуум тартылды, 109 қызметіне 231 тұрғыннан келген өтінім пысықталды.
Үшінші. Жайық өзенінің деңгейін көтеруге дайындық.
Жедел штаб Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы Ириклин су қоймасындағы жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, кеше жиналған судың үлкен көлеміне байланысты Ириклин су қоймасынан суды ағызу секундына 90-нан 390 текше метрге дейін ұлғайтылған.
Облыс әкімі Серік Шапкенов жедел штаб отырысын өткізіп, бөгеттерді нығайту, сондай-ақ Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласының жағалау аумақтарына инертті материалдар себу және қапшықтарды төсеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.