Жарнама
Қоғам

«Қарызсыз қоғамды» қалай қалыптастырамыз?

Жаңа оқу жылынан бастап барлық жалпы білім беретін мектепте «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні оқытыла бастайды.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретуде. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде берген тапсырмасын орындауға бағытталған басты қадамдардың бірінен саналады.
Қаржылық сауаттылықты арттыру курсына облыс бойынша Атырау қалалық және жеті аудандық білім бөлімдерінің мамандары қамтылып отыр.

Нақтылай кетсек, арнайы курстан өткен облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Ардақ Жәкенқызы алғашқы сегіз тыңдаушыға сабақ өткізді. Курс бағдарламасын толық меңгерген тыңдаушылардың бәріне арнайы сертификаттао тапсырылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған курсты табысты аяқтап, қолдарына құжаттарын алған мамандар жаңа оқу жылынан қала мен аудан мектептерінде бекітілген оқу кестесі мен белгіленген бағдарлама шеңберінде шәкірттерге дәріс беретін болады.
Тек Атырау қаласының өзінен алғашқы кезеңде 70 адам сабақ алып, оларға сертификаттар тапсырылады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жоғары оқу орындарынан 10 және колледждерден 25 мұғалім осы курста оқытылды.
Айта кету керек, ,,Қаржылық сауаттылық» курсының алғашқы кезеңінде сабақ алып шыққан атыраулық және оралдық жоғары оқу орындарының оқытушыларына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов сертификаттарды салтанатты жағдайда табыстады. Сертификатқа ие болғандардың қатарында Атыраудан – 6, Оралдан 4 оқытушы болды.
«Тұтастай алғанда, оқу жылына жасақталған бағдарлама аясында 230 мұғалімді қаржылық сауаттылықты арттыру курстарына қамту жоспарланды» делінген хабарламада.
Сайып келгенде, мұндай игі бастама өңірімізде ғана емес, елімізде ,,қарызсыз қоғамды» қалыптастыруға сол мүмкіндік пен кепілдік берері сөзсіз.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button