Жарнама
Қоғам

Қарттар мен балаларға қуаныш сыйлады

«Довира» украин этномәдени бірлестігі Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының тұрғындарымен жылы жүздесу өткізді.
Бірнеше жылдан бері “Довира” бұл мекемелерге қолдау көрсетіп, мерекелерде құттықтап барудан еш жаңылған емес. Бүгін олар ежелгі славяндардың дәстүрлі Масленица мерекесін тойлауға келді.

4742e8e1 27f7 4b5b bd62 4748104d6dd3

«Аталар мен әжелер бізді ерекше қуанышпен, ән-күймен күлімдеп қарсы алды. Олардың қуанышын көрудің өзі біз үшін толқынысқа толы сәт болды», — деді «Довира» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктория Синицына.
Бірлестік мүшелері барлығы 300-ге жуық құймақ дайындады. Олар сүзбе және алма қосылған бәліштерді, басқа да дәмді тағамдарды ұсынды. Сонымен қатар қарттар мен балаларға сыйлық ретінде қосымша тәттілер берілді.

Жиынға өз бетімен келе алмағандарға ерекше назар аударылды. «Довира» мүшелері төсек тартып жатқан ата-әжелердің бөлмелеріне кіріп, арнайы көңіл бөліп, әңгіме-дүкен құрды.
Шара соңында «Довира» бірлестігінің төрайымы Виктория Синицына орталық басшылығының Алғыс хатына ие болды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button