Жарнама
Қоғам

Қариясын сыйлаған елдің келешегі жарқын

Қарттар күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы аясында партия атынан сайланған депутаттар мен белсенді мүшелері қаладағы Қарттар үйіне барып, қарияларды мерекемен құттықтады.

Атырау қалалық  мәслихатының депутаты Ақылбек Құлбарақов, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлыбек Даралиев, жеке кәсіпкер Данияр Асильевтер және Қазақстан Халықтар ассамблеясы арнайы барып, қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ardager 1

— Қазақ халқы «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деп ақсақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеп, сыйлаған. Алдынан кесіп өтпеген, ақыл-кеңесін сұрап, батасын алған. Бүгін айтулы мерекемен қазыналы қарияларымызды шын жүректен құттықтаймын, — деді Атырау қалалық  мәслихатының депутаты Ақылбек Құлбарақов

Айта кетейік, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жыл басынан бері еліміздің барлық өңірінде 17,8 мың қарияға атаулы көмек көрсетілді. Партиялықтардың бастамасы бойынша 41 мың адамға үйде медициналық қолдау ұйымдастырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button