Қара алтынның қадірін…

sg58ak 14 Қоғам

Мұнай – Қазақстан экономикасының күре тамыры дейміз. Бірақ, еліміз егемендік алған отыз жылдан астам уақыт бойына оны экспортқа шикізат көзі ретінде шығарып келеміз. Бұл өзімізде өнім өңделмейді деген сөз емес.

Қара алтыннан алынатын өнімді өңдеп, оны сұранысқа сай ішкі нарыққа шығарып отырған үш зауытымыз бар. Олар елдегі автокөлікке қажетті бензин мен дизель отынын өндіріп келеді. Сапасын арттыру мақсатында аталған зауыттар қайта жаңғыртылды. Бүгінде олардан шығатын жанар жағармайдың деңгейі көрші мемлекеттердің өнімінен артық болмаса, еш кемдігі жоқ. 

Десек те, өзімізде өңделген өнімнің сапасы жоғары болғанымен, оның сатылымдағы бағасы соған сай болмай тұр.  Мұндайда қазекең «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дей ме?! Өзге көршілеріміз жанар жағармай құнын әлдеқашан көтеріп, қазынасының қаржысын қампайтып жатқанда, бізге не жорық?! Мұнай өзімізде шығады екен деп арзанға беріп, бағамын түсіре берсек, жер қойнауындағы қазба байлығымыздың қадірі қала ма?

Еліміздің осы саласында проблемалардың туындап, жылдар бойына қордаланып қалуы да сондықтан. Сол себепті қара алтыннан өңделетін өнім құнын көтеріп, бензин мен дизель отынының бағасын да көршілердің көрпесіне қарай көсілтіп, қалыпқа келтіретін кез жетті. Бұл алдағы уақытта елдегі жанар жағармай тапшылығын шешеді деп есептеймін.

Талғат Майлыбаев,

Жылыой ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз